+7 702 451 91 64 info@standart-k.kz Тәулік бойы, WhatsApp 24/7
Өтінім қалдыру

Kaspi, Wildberries және Ozon-да сатуға арналған құжаттар

Kaspi, Wildberries және Ozon сәйкестік туралы құжатсыз тауар карточкасын жарияламайды. Бір санаттарға сертификат керек, екіншілеріне декларация жеткілікті, үшіншілеріне бас тарту хаты да жетеді. Төменде ең жиі кездесетін санаттар бойынша кесте.
Kaspi, Wildberries және Ozon-да сатуға арналған құжаттар

Не керек

СанатҚұжатМерзім
Ересектерге арналған киім, аяқ киім, тоқымаКО ТР 017 декларациясы5–10 күн
Балалар киімі, аяқ киімі, арбаларКО ТР 007 сертификаты10–20 күн
ОйыншықтарКО ТР 008 сертификаты10–20 күн
Косметика, парфюмерияКО ТР 009 декларациясы, бір бөлігіне — МТК7–14 күн
Техника, электроника, шамдарКО ТР 004 + 020 сертификаты немесе декларациясы7–20 күн
Ыдыс-аяқ, тұрмыстық химияДекларация немесе МТК7–14 күн
Кәдесыйлар, кеңсе тауарлары, аксессуарларБас тарту хаты1–3 күн

Мерзімдер шамамен көрсетілген. Нақты мерзім мен құнын тауарлар тізімі бойынша кеңестен кейін айтып, шартта бекітеміз.

Біз қалай жұмыс істейміз

  • Тауарлар тізімі мен СЭҚ ТН кодтарын жібересіз, әрқайсысына қандай құжат керек екенін айтамыз
  • Барлық ассортиментке бір шарт
  • Құжат тізілімде тіркеледі, маркетплейс оны өзі тексереді
  • Тауар сертификаттауға жатпаса, 1–3 күнде бас тарту хатын рәсімдейміз

Жиі қойылатын сұрақтар

Маркетплейс карточканы жасыруы мүмкін, ал тексеру кезінде сатушыға ҚР ӘҚБтК бойынша айыппұл салынады. Құжатты іске қосуға дейін рәсімдеу арзанырақ.

Иә, егер ол қолданыста болса, осы өндірушіге берілсе және тауар сәйкес келсе. Тізілім бойынша тегін тексереміз.

Серияға сертификат пен декларация — 5 жылға дейін, партияға — сол партияға. Бас тарту хаты регламент өзгергенге дейін жарамды.

Басқа жағдайлар

WhatsApp-та кеңес алу